Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қазан, 2021

Қазақстанда жыл басынан қанша шаршы метр баспана пайдалануға берілді?

Бииылғы 9 айда қазақстандықтарға 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл, былтырғы көрсеткіштен 8 пайыз көп. Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин осылай деді.

«Құрылыстың өсу қарқыны 9,7 пайыз деңгейінде. 9 айда елде 10,4 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызға көп. Инвестициялардың қалыпқа келуі белсенді түрде жалғасып, 2 пайыз болды. Ал тау-кен өндірісін есептемегенде – 15,1 пайызды құрап отыр. Негізгі капиталға инвестициялардың жоғары көрсеткіштері құрылыста, өңдеу өнеркәсібінде, саудада, ауыл шаруашылығында, жылжымайтын мүлік операцияларында, қаржы қызметінде, ақпарат пен байланыста байқалды», - деді Асқар Мамин. Үкімет басшысының айтуына қарағанда, іскерлік белсенділікті одан әрі қалпына келтіру және сапалы инвестициялар тарту жұмысын жалғастырып, одан әрі күшейтудің маңызы зор. Сондай-ақ, ол макроэкономикалық көрсеткіштері жоғары өңірлерді атады. «Қаңтар-қыркүйектің қорытындысы бойынша барлық негізгі макрокөрсеткіш бойынша өсім Алматы, Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстары мен Шымкентте байқалады», - деді Премьер-Министр.

ҚазАқпарат

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз