Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Қазан, 2021

Алматыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазына пәтер кілті тапсырылды

«Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала педагогтары арасындағы байқау жеңімпаздарымен және мұғалімдерді қолдау мен кәсіби дамытуға бағытталған арнайы грант иегерлерімен кездесті. Қалалық «Алматының жыл мұғалімі» байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Аманов Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен пәтерді сыйлыққа алды. Ал 1 орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа машина берілді. Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды. Сонымен қатар, 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарын алды. Республикалық «Үздік педагог» байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлық берілді. «Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Биыл 556 жас маманға 33 млн теңгеден астам қаржы берілді. Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несиені пайдаланды. Кездесу соңында Алматы әкімі Баықтжан Сағынтаев барлық педагогтар мен тәлімгерлерге игі еңбектеріне табыс тіледі.

 

135 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *