Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 13 Қазан, 2021

Шетпелік тұрғын цементтен аң-құстың мүсінін жасайды

Шетпе ауылының тұрғыны Аман Сейілханов цементтен түрлі аң-құстың мүсінін жасайды. Шебердің бұл істі қолға алғанына 2 ай болған. Аз уақыт ішінде 5 түрлі мүсін дайындап үлгерді. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Аман Сейілханов мүсін жасау өнері шыдамдылықты талап ететінін айтты.

«Әуелі ойдағы дүниенің қаңқасын сыммен тоқиды. Кейін цементпен сылап шығады. Мүсін дайын болған соң бояумен бояп, түрлі кейіпке енгізеді. Осылайша, бір мүсінді дайындап шығуға 1-2 ай кетеді. Қолдан жасалған дүниелер арқылы үйдің ауласын, бау-бақшаларды сәндеуге болады», - деді Аман Сейілханов.

Шебер тек тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Ол алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау алып, шеберханасын кеңейтуді көздеп отыр. Сондай-ақ, шәкірт тәрбиелеуді де жоспарлаған.

«Бала күнімнен өнерге жақынмын. Ағаштан сандық, кебеже сынды түрлі зат жасағанбыз. Жуырда ғана балшық пен бетоннан аң-құстың мүсінін неге жасамасқа деген ой туды. Ең биік мүсінім 2 метрге жуықтады. Әсіресе, жан-жануарларды жасағанды ұнатамын», - деді шетпелік шебер Аман Сейілханов.

1071 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз