Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 13 Қазан, 2021

Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі әкімдік меншігіне қайтарылды

Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі әкімдік меншігіне қайтарылды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Келер жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.

ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Ғимараттың жалпы ауданы – 160 шаршы метр.

Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды. Онда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 500-ге жуық құнды материал сақталған.

497 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз