Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Өзекті
  • 13 Қазан, 2021

Адам құқықтары жөніндегі уəкіл мемлекеттік органдарға есеп бермейді

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тәуелсіз болады және қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне есеп бермейді. Бұл туралы Мәжілісте депутат Ирина Унжакова мәлім етті.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» заң жобасын ілеспе түзетулерімен таныстыру кезінде Уәкілдің мәртебесі қаралды.

«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметін қандай да бір жолмен шектеуге тыйым салынады. Ол тәуелсіз болады және қандай да бір мемлекеттік органдарға және лауазым иелеріне есеп бермейді», - деді И. Унжакова заң жобасын таныстыру кезінде.

Айта кетейік, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін көтеретін қадамдар іске асырылады. «Заң жобасында дербес құқықтылыққа ие болу сияқты қосымша бар. Бұл өз кезегінде осы қызмет үшін маңызды. Яғни Уәкіл тұтқындалмайды, қамауға алынбайды, қылмыстық әрі әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды, сондай-ақ тінту мен жеке тексерумен қамтылмайды», - деді депутат.

 

424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз