Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 13 Қазан, 2021

Балық өндіру көлемі азайып, өнім бағасы артты

Елімізде биылғы өткен 8 айда балғын, салқындатылған және мұздатылған балық өндірісі 39 пайызға, консервіленген балықтар бірден екі есеге азайған. Осы кезеңде балық пен теңіз өнімдерінің бағасы айтарлықтай өскен деп жазады, Energyprom.kz сайты.

Елімізде биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында 26,8 мың тонна балғын, салқындатылған немесе мұздатылған балық өндірі­ліп, өткен жылға қарағанда бірден 39%-ға кеміген. Өзге тәсілдермен дайындалған немесе консервіленген балық пен уылдырық өндірісі 9,4 мың тоннаға дейін, шамамен екі есеге қысқарған. Бұл салада негізгі өнім өндіру көлемінің бірден 71,8%-ға, 3,5 мың тоннаға дейін төмендеуі Атырау облысында тіркеліп отыр. Сонымен қатар өндірістің құлдырауы бұдан басқа балық өнімдерін өндіруші негізгі екі өңірде байқалды: Батыс Қазақстан облысы (жылына 12,3%-ға, 2 мың тоннаға дейін) және Түркістан облыстарында (15,1%-ға,1,7мың тоннаға дейін).

Атырау облысына қатысты жоғарыда аталған мәселелер туралы бірнеше рет айтылғанымен, нәтиже шамалы. Себебі, өңірдегі бекіре балығын өсіруші зауыт 20 жылдан астам күрделі жөндеуден өтпегендігін және техникалық базасының ескіргендігін ескерсек, балық шаруашылығының саласына қаржылық қолдау мен назар аудару аса қажеттілігі сөзсіз. Бұл зауыттағы сүзгілер мен тоғандар толы­ғымен тозған. Мұндағы түгелге жуық құрал-жабдықтың пайдалану мер­зімі әлдеқашан істен шыққан. Сегіз сағат бойы су айдауға арналған сорғылар қазіргі күнде үш сағатқа әрең шыдай алады, деп отыр мамандар (инфографика).

Биылғы жылғы қаңтар-шілде айлары аралығындағы өндірістік көрсеткіштер қорытындысына сәйкес, өңделген және консерві­ленген балықтарға, шаян тәрізділер мен майшабақтарға деген сұра­нысты жергілікті компаниялар 53,1%- ға (бір жыл бұрынғы 66%-ға қарсы) ғана қамтамасыз етіпті. Аталған кезеңдегі өндіріс-41,3%-ға, яғни 31,9 мың тоннаға дейін төмендеп, ал импорт, керісінше, 0,6% - ға, 28,2 мың тоннаға дейін біршама өскен. Ішкі нарықта сату -48,7 мың тоннаны құраған, бұрынғыға қарағанда 30,1%-ға аз. Экспортқа 11,4 мың тонна өнім жіберілді, бұл бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңге қарағанда 10,5%-ға кем (кесте).

Биылғы жылдың екінші тоқса­нында елімізде балық пен теңіз өнімдерін тұтыну жан басына шаққанда 3,8 келіге дейін (қосқанда жылына 1,1% ) өсіп отыр.. Ең көп балық пен теңіз өнімдерін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары тұтынса, 6,5 келі осы қатардағы үштікке Қостанай (6 келі) және Ақмола (5,5 келі) облыстары еніп отыр. Ал төменгі көрсеткіш Шымкентте, онда бір адамға тоқсанына барлығы 917 грамм балық және теңіз өнімдерінен келді екен.

Биылғы жылдың тамыз айының қорытындысына сәйкес, балық және теңіз өнімдерінің бағасы бір айда 0,6%-ға, жылдық серпін бойынша 9%-ға өсті. Оның ішінде балғын немесе тоңазытылған балық – 9,1%-ға, мұздатылған балық – 7%-ға, қайта өңделген және консервіленген балық – 9,3%-ға қымбаттаған. Елі­міздегі дүкендер мен базарларда қыркүйек айында салқындатылып ысталған скумбрия балығы орташа есеппен бір келісі үшін 2,4 мың теңге, тұздалған майшабақ келісі – 1,1 мың теңге, салмағы 240 грамды құрайтын консервленген майлы шпроттардың бағасы 633 теңгені құрады.

ГҮЛМИРА МЕРАЛИНА

1472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз