Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Қазан, 2021

Каппадокиядағы қамшы

Таңғажайып табиғатына тамырын тереңнен тартқан тарихы астасқан ғажайып өлке - Түркияның Каппадокиясы. Ол әлемнің әр түкпірінен туристерді таңмен таласа аспанға көтерілетін түрлі-түсті әуе шарларымен ынтықтырады. 

Біз Каппадркияға келген күні ерекше ландшафтты тау аңғарларын армансыз араладық.  Кейін қала ішін қыдырыстап жүріп, шағын ғана музейді кездестіріп қалдық. Орталық Азия халықтары мәдениетінің музейі деп аталатын ағаштан салынған қос қабатты ескі үй екен. 

Гид бала аздап қазақша білемін, тілдеріміз ұқсас деп баурап алды. 

Үй иесі зиялы адам болған екен. Алдымен көрсеткені балалар бөлмесі болды. Асығымыз да, бесігіміз де тұр. Екінші қабатқа көтеріліп-ек төрге ілінген қамшы қарсы алды. Төр бөлмеде “дәде Қорқыттың” киім үлгісі деп шекпен- шапанымыз ілініпті. Келін бөлмесі ауылдағы жеңгемнің бөлмесіндей. 

Ас үй де сол. Дөңгелек үстел, бір табақтан алынатын ас. Босағада тұрған адыраспанға шейін үйді бәле-жаладан қорғап тұр.  Бейне бір әжемнің әңгімесінен естіген ескі үйде жүргендеймін. Егер жол түссе барып көріңіздер. Кіру бағасы тиын ғана. Қандас ұлттан екенсіздер деп құрақ ұшып, қарсы алады. 

“Саяхат – өзімізді қайтадан іздеп табуға арналған ең ұлы ғылым”,- депті Камю атай. Саяхаттап жүріп, әдетте өзге халықтың өмірін көреміз деп, өзімізді табады екенбіз түбінде. Сонысымен де оның қызығына тоймаймыз. 

 

Мәншүк Шымырбай

журналист

 

 

 

 

1339 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз