Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 15 Қазан, 2021

Тікелей шетелдік инвестициялар қай салада басым?

Еліміз экономикасының қай саласында тікелей шетелдік инвестициялар үлесі басым? Қазақстанға түсетін барлық қоржындық қаржылай салымдардың 78 пайызы инвестор-елдердің үздік ондығының (топ-10) еншісінде, деп жазады informburo.kz сайтында.

2005-2020 жылдар бойында дамыған елдер нақты несие беру­шілер рөлін орындап келді. Дамушы елдер мен өтпелі экономикалы елдер нетто-қарыз алушылар болып табылды. Бұл – дағдарыстан кейінгі нарықтардың қайта қалпына келуіндегі табиғи реакциясы.

Қазақстан 2020 жылы өтпелі экономикалы 17 елдің, теңізге шыға алмайтын 34 елдің арасында таза тікелей шетелдік инвестициялар көлемінің өсімі бойынша көш бастады. Ел экономикасына 3,9 млрд доллар тікелей шетелдік  инвес­тициялар  түскен, бұл бір жыл бұрынғыдан 34,9%-ға артық.

Жаһандық экономикада болса, таза тікелей шетелдік инвестициялар 1 триллион АҚШ долларын құрап, 35%-ға қысқарған, бұл – соңғы 16 жылдағы ең төмен көрсеткіш.

Ал, Қазақстан экономикасына 16 жылда 26,5 миллиард доллар таза капитал құйылған.  Осы жылдарда ел экономикасына келген барлық  тікелей шетелдік инвестицияның 78,2%-ы несие беруші елдердің үздік ондығының (топ-10) еншісінде екен.

Сыртқы инвесторлар құры­лы­мында Нидерланд (27,3%), АҚШ (18,1%), Ұлыбритания (10,8%), Франция (6%), Қытай (5,7%) Ресей (5,3%), Жапония (2,8%), Швейцария (2%) мен Гонконг (1,8%) үс­тем­дік танытуда (инфографика).

Инвестициялардың жартысы­нан астамы (56%) тау-кен қазу және өңдеуші өнеркәсіптерге бағытталған.

Нидерланд (елдің барлық ин­вес­тицияларының 81%-ы) пен АҚШ (89%-ы) басым деңгейде кен қазу саласына инвестиция құйса, Ұлыбритания – кәсіби, ғылыми жә­не техникалық қызметтерге (37%-ы), Ресей (30%-ы) мен Швейцария (58%-ы) – өңдеуші өнеркәсіпке, Қытай (24%-ы) – көлік пен қаттау салаларына инвестиция салады (1-кесте).

Мұнай бағасының шарық­тап кеткен кезеңінде (2011-2014 жылдар) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сыртқы актив­терін белсенді түрде ұлғайта түсу байқалды (2-кесте).

2006-2010  жылдар мен 2011-2015 жылдардағы екі бесжылдық кезеңін жиынтықтай келе айтар болсақ, мемлекеттегі сыртқы активтердің ұлғаюы салдарынан капиталдың нақты жылыстауы байқалды.

2016-2020 жылдардағы көмір­сутегі бағаларының төмендеуі Ұлт­тық қор түсімдерінің айтарлық­тай құлдырауына ұрындырды (3-кесте).

Сонымен қатар бюджетке кө­лемді трансферттер ауқымы тұ­рақ­ты түрде жалғасып келді. Нәти­жесінде бұл соңғы бес жыл бойы Ұлттық қор сыртқы активтерінің әжептәуір төмендеуіне  әкеліп отыр.

Иса ҚАМБАР

2171 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз