Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 16 Қазан, 2021

Түркістан: Тәулігіне 5516 дам вакцина қабылдады

Түркістан облысында 939515 адам екпе қабылдады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өңірде өз еркімен соңғы тәулікте 5516 адам вакцина қабылдаған. Облыста екінші компонентпен 834588 адам вакцина алды. Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, CoronoVac және Sinopharm вакциналарын қабылдай алады.
Соңғы тәулікте Түркістан облысында 43 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,29% құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 1 067 157 мыңға жуық ПТР- сынамалары алынған. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 930 орын бар. Жалпы, пандемия басталғалы инфекциясы расталған 14 764 жағдай тіркелді. Олардың 7509-да ауру симптомсыз өткен болатын. Айта кетейік, Түркістан обылысы жасыл аймақта.

733 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз