Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Қазан, 2021

Футзалдан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатындағы қарсыластарын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсетін болды. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия.

Қазақстандық футзалшылар 20 қаңтарда Словениямен кездеседі. Одан кейін 24 қаңтарда Финляндия, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Өзге топтардағы құрамалар бөлінісі төмендегіше:

А тобы: Нидерланды, Сербия немесе Беларусь, Украина, Португалия

C тобы: Ресей, Польша, Словакия, Хорватия

D тобы: Грузия, Испания, Әзербайжан, Босния және Герцеговина.

Құрлықтық дода 2022 жылдың 19 қаңтары мен 6 ақпаны аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама бақ сынайды.

825 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз