Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 19 Қазан, 2021

Александр Бублик Мәскеу турнирінде жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 35-ракеткасы Александр Бублик Мәскеудегі Кремль кубогы ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 164-орында тұрған украиналық Илья Марченкомен кездесті. Жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған украиналық спортшы 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 21 минутқа созылған кездесуде Марченко 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Бублик 10 эйспен ғана ерекшеленді. И.Марченко ширек финалға шығу үшін әлемнің 62-ракеткасы, аустралиялық Джон Миллманмен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.


 

426 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз