Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Қазан, 2021

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылды

Алматыда құтқарушыларға аллея ашылып, ескерткіш қойылды.

Қолына бала ұстаған құтқарушы-жауынгер бейнесі болаттан құйылған. Биіктігі екі жарым метр. Құтқарушылар аллеясында келушілерге барлық жағдай жасалған. Жүздеген тал отырғызылып, жаяу жүргіншілер жолы салынып, тақырыптық орындықтар қойылды. Қалада күн сайын кезекшілікте 200-ден астам адам, 80 техника және 3 әуе борты дайын тұрады. Биылғы жылдың тоғыз айда алматылық құтқарушылар 182 адамды ажалдан арашалап қалды. Алматы қаласының әкімдігінің 109 құтқару қызметі – 700-ден астам адамды құтқарды.

 

289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз