Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2021

Алматыда вакцина алғандар саны 1 миллионға жуықтады

Алматы қаласында бір тәулікте 4272 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«19 қазан күні 4272 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1581, II компонентін 2691 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында тұр.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 19 қазан аралығында қалада 981 365 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 917 766 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 875 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

322 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз