Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 20 Қазан, 2021

Павлодарда Алаш көшбасшыларына арналған мурал ашылды

Павлодарда студенттер үйінің қабырғасында «Алаш» қозғалысының көшбасшылары бейнеленді.

Павлодар қалалық әкімдігі өкілдерінің айтуынша, муралдың авторы жас суретші Лаура Сейтқазинова. Ол 29 жасқа толмаған талантты суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында «Стрит Art» үздік эскиз байқауында жеңімпаз атанған.

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдеріне студенттер үйінің ғимаратын муралды бейнелейтін орын ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты.

«Алаш» сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың – өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал болып табылатынын айтты.

584 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз