Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2021

Президент Жезқазғандағы «Өркен» мектеп-интернатына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Жезқазған қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Өркен» мектеп-интернатына барды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Президент заманауи құралдармен жабдықталған «Өркен-медиа», өлкетану, домбыра және арт-студия кабинеттерін аралап көріп, педагогтармен және оқушылармен әңгімелесті. – Ғылым, білім деген өте маңызды.

«Білімді мыңды жығады» деген даналық сөз бар. Білім – қазіргі аумалы-төкпелі заманда ең күшті, ең тиімді құрал. Білімді болсаң, барлық қиындықтарды еңсересің. Міндетті түрде. Сондықтан біздің мемлекетіміздің үлгілі, лайықты, абыройлы азаматтары болыңдар. Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда, – деді Мемлекет басшысы.

767 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз