Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 20 Қазан, 2021

"Əлеуметтік əмиянды" енгізу 2022 жылдың соңына дейін жоспарлаған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті. Министрдің айтуынша, 2021 жылдың соңына дейін инфрақұрылымды - банктерді қосу және «әлеуметтік әмиянды» іске қосу арқылы жедел төлемдер жүйесін дайындау жоспарланған.

Жобаны тестілеуді бастау үшін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді әлеуметтік әмиянға кезең-кезеңімен аудару алгоритмін әзірлеу қажет.

Бақыт Сұлтанов, сондай-ақ, цифрлық әмиянды іске асырудың келесі кезеңдеріне арналған жоспарлар туралы хабарлады. Осылайша, 2022 жылдың соңына дейін «әлеуметтік әмиянды» өнеркәсіптік пайдалануға енгізу және жаңа сервистерді енгізу жоспарланған (жеке кабинеттің функциясын кеңейту, түрлі интернет дүкендерге қосылу және т.б.).

Ал 2023-2024 жылдар аралығында министрлік цифрлық әмиянды Ұлттық тауар өткізу жүйесімен біріктіруді, сондай-ақ «Әлеуметтік әмиянға» аударылатын әлеуметтік төлемдердің түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр.

 

369 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз