Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 20 Қазан, 2021

Қазақстан мен Ресейдің үкімет басшылары телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет басшылары Қазақстан мен Ресейде коронавирус инфекциясымен күресті күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Асқар Мамин мен Михаил Мишустин Қазақстан-Ресей сауда-экономикалық ынтымақтастығының өзекті мәселелерін және өнеркәсіп, энергетика, көлік, инфрақұрылым және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды ілгерілетуді талқылады.

Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық одақ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және басқа да интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

 

599 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз