Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Қазан, 2021

Коронавирус: Əлемдегі ахуал қалай?

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналында әлемдегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан ахуал туралы жазды.

Латвияда ай сайынғы локдаун жарияланды. 21 қазаннан 15 қарашаға дейін елде коменданттық сағат енгізілді (20:00-ден 5:00-ге дейін), үйдің жанындағы шағын маркеттерден басқа барлық дүкендер жабылады, ойын-сауық және спорттық шаралар тоқтатылады.

Қытайдың солтүстігіндегі екі шекара аймағы COVID-19 өршуіне байланысты оқшаулау режимін енгізді.

Ішкі Моңғолияда Эрен-Хото қаласының және Эдзин-Ци округінің тұрғындарына шұғыл қажеттіліксіз үйлерінен шықпауға кеңес берілді, бұл аумақтарға кіру шектеулі.

Нью-Йоркте барлық қалалық қызметкерлер үшін міндетті түрде коронавирустық вакцинация жасалады. Қалалық қызмет жұмыскерлерін 29 қазанға дейін егу немесе жұмыстан шығаруды қарастыру сұралады, деп жазады The Wall Street Journal газеті мэрия өкілінің сөзіне сілтеме жасап.

 

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз