Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 21 Қазан, 2021

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бес саты төмен түсті

Футболдан Қазақстан құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) жаңартылған рейтингінде бес саты төмен түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Талғат Байсуфиновтің командасы қазан айында әлем чемпионатының іріктеуінде Босния және Герцоговина мен Финляндия құрамаларына қарсы екі кездесу өткізіп, екеуінде де 0:2 есебімен жеңіліп қалды. 

Қазан айындағы жаңартылған рейтингте біздің құрама бес саты төмен түсіп, 125 орынға жайғасқан. 

Ал тізімнің көш басында Бельгия құрамасы тұрса, екінші сатыда Бразилия. Үздік үштікті Франция құрамасы түйіндеп тұр. 

Жаңартылған ФИФА рейтингі:

1 (1). Бельгия – 1832,33 ұпай,

2 (2). Бразилия – 1820,36,

3 (4). Франция – 1779,24,

4 (5). Италия – 1750,52,

5 (3). Англия – 1750,16,

6 (6). Аргентина – 1738,79,

7 (8). Испания – 1687,66,

8 (7). Португалия – 1681,73,

9 (9). Мексика – 1672,92,

10 (10). Дания – 1668,98,

...125 (120). Қазақстан - 1137.

861 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз