Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 21 Қазан, 2021

Қар жауғаны үшін әйелді видеоға кешірім сұратқан әкімді жазалау ұсынылды

Павлодар облысының Әдеп жөніндегі кеңесі жауған қарды түсірген әйелді видеоға кешірім сұратқан Баянауыл ауданы ауылының әкімі Самат Ибраевқа сөгіс жариялауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеуге Желіде пайда болған видео себеп болған. Видеода Егіндібұлақ ауылының тұрғыны қазанда жауған қарды видео түсіргені үшін әкімнен кешірім сұрайды.

"Видеода Ибраев әйелге "себепсіз үйіңізді қар басып қалғанын және үйдің есігін аша алмай отырғаныңызды әлеуметтік желілерге жарияламаңыз" деп айтады. Кейін видеода тұрғын әрекеті үшін кешірім сұрайды. Ибраев әдеп кодексін бұзған, сыпайылық танытпай, этикалық кодексті бұзды", - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар қаласы бойынша департаментінің бас маманы Азамат Жүнісов.

Әдеп жөніндегі кеңес әкім Ибраевтің әрекеті әлеуметтік желілерде ғана емес, бұқаралық ақпарат құралдарында да халық реакциясын тудырғанын айтты. 

Самат Ибраев ауыл тұрғынына қатысты ешқандай әдепсіздік жасамағынан мәлімдеді.

"Мен құзыретімнен шықтым деп ойламаймын. Иә, әйелдің келісімімен видео түсіріп, жұмыс ақпаратын аудан әкіміне ұсындым. Сондай-ақ, жұмыс чатына жіберген бұл ақпаратты желіге аудан әкімінің орынбасары таратқан", - деді Ибраев.
 

Алайда, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері әкім этикалық нормаларды бұзды деп танып, оған сөгіс беруді ұсынды.

Еске салайық, Баянауыл ауданы Егіндібұлақ ауылының тұрғыны ауа райын видеоға түсіргені үшін, видео үндеу жолдап әкімнен кешірім сұрағаны хабарланған болатын.

601 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз