Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 22 Қазан, 2021

"Қайрат" Конференция лигасында қатарынан екінші рет ұтылды

Алматылық "Қайрат" Конференция лигасы топтық кезеңінде "Карабахтан" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Әзірбайжанда өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 

19-й минутта пенальтиді сәтті орындап, ойында есепті Хосе Канте ашты.

Жеңімпаздар сапынан Рамиль Шейдаев 79-минутта есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта Аббас Гусейнов "Карабахқа" жеңіс голын сыйлады. 

Бұл алматылық клубтың Конференция лигасындағы қатарынан екінші ұтылысы. Мұның алдында Құрбан Бердыевтің командасы "Омониямен" тең түсіп (0:0), кейін "Базельден" ұтылды (2:4).

Енді "Карабахпен" қарымта ойын 4 қарашада Қазақстанда өтеді. Үш ойында бір ұпай жинаған алматылық клуб Н тобында үшінші орында қалды. "Карабах" осынша матчта жеті ұпаймен бірінші орынға шықты. 

558 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз