Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 22 Қазан, 2021

Адамдық

Бұл суреттегі оқиға 1982 жылдың тамызында болған.

Бейсбол матчы кезінде доп трибунада отырған 4 жасар балаға тиіп кетеді. Баланың басына доп дөп тиіп, бала құлайды. Алаңда ойнап жүрген ойынша Джим Райс дәрігерлердің келіп көмек беруі тым ұзаққа созылып кетеді деп ойлап, топ ішінен секіріп барып, баланы құшақтап, алаңға әкеледі. Жаттықтырушылардың жанына әкеп баланы жатқызып, оған ойыншылардың дәрігері алғашқы көмегін көрсетеді. Баланы 30 минуттан кейін ауруханаға жеткізеді. Аурухананың дәрігерлері егер алғашқы көмек дер кезінде көрсетілмегенде бала тірі қалмайтынын айтыпты. Джимнің әрекеті баланы құтқарып қалған.

⁣?жим күн сайын ауруханаға кеп баланың халын біліп тұрыпты. Отбасы оның емін төлей алмайтынын білген кезде бар шығынын өзі төлеп берген.

Адамды құтқару үшін міндетті түрде дәрігер болу шарт емес. 

Аударған Шынар Әбілда

 

1259 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз