Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 22 Қазан, 2021

Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алмас Садубаев Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті. Алмас Кәдірбекұлы Садубаев 1984 жылы 25 қыркүйекте Жамбыл облысы Тараз қаласында туған. 2005 жылы Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің журналистика факультетін үздік дипломмен тәмамдаған. 2007 жылы «Қайнар» университетінде құқықтану мамандығы бойынша білім алған. 2011 жылы Абай атындағы КазҰПУ-дың «аймақтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесін алған. Еңбек жолын 2003 жылы Тараз қаласындағы облыстық радиода жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2004 жылдан бастап облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы; 2005-2008 жылдар аралығында Астана қаласында «Қазақстан» ұлттық арнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы, PR-директор қызметтерін атқарған. 2008-2010 жылдары Алматы қаласында республикалық «Заң газеті» мен «Заң» журналының бас редакторы, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот төрағасының баспасөз хатшысы. 2010-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы болып қызмет істеген. 2011-2015 жылдар аралығында - «ҚР ІІО Медиа орталығы» ЖШС-нің бас директоры. 2015 жылдың 25 ақпанынан бастап министрдің баспасөз хатшысы – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры. Тараз қаласы әкімінің 2020 жылғы 8 шілдедегі өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.

913 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз