Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Таным
  • 23 Қазан, 2021

Илон Масктің интернеті һəм еліміздегі төменгі жалақы

      Starlink  төменгі орбитаға 1700 жерсерігін ұшырыпты. Олар жердегі  10 000 бета тестерді интернетпен қамтамасыз етіп отыр. Әзірге Солтүстік Америка мен  Еуропаның кей аймақтарында жұмыс істеп тұр. 30-50Мбит/c лимитсіз интернет үшін  ай сайынғы абонеттік төлем- 99$, қондырғы үшін бір реттік төлем- 499$. Төмендегі сілтеме бойынша кіріп, алдын-ала тапсырыс беріп қоюға болады.  Ол үшін 99$ депозит төлеу керек. Қазақстанда қосуға 2022 жылға таман техникалық мүмкіндік болады, оның өзінде  егер де  сіздердің үкіметпен келісе алсақ  деп ескертіпті.

     Көріп тұрғаныңыздай бұл арзан интернет емес. Илон Масктің  тегін интернеті деп шулағанда күмәнмен қарағанмын.  Соным расталды. Өйткені Масктің компаниясы тек интернет таратушы, интернет трафик жасаушы компания емес.  Спутникті интернет телекоммуникацияда  ең қымбат интернет түріне жатады, оның үстіне түрлі табиғи құбылысқа тәуелді.  Бірақ қазір бар аналогтармен салыстырғанда осы интернет түрі үшін ең арзаны.  Мүмкін,  Атырау мен Ақтаудың шалғайындағы мұнай қазып жатқан заңды тұлғаға тиімді болар. Бірақ бағасы  Қазақстандағы ең төменгі жалақымен бірдей Масктің интернеті таудың басындағы, ну орман мен тоғай ішіндегі, не Аралдың бір түкпіріндегі ағайын үшін таптырмайтын мүмкіндік деп айта алмаймын. Иә, келісемін Американың Айова штатындағы кабель тартуға ыңғайсыз жерде тұратын  ай сайынғы табысы 10 000 $  Браундар отбасы үшін  99$ не тәйірі. 

     Әділдік үшін айта кететін жайт, Қазақстан cапасын ескермегенде әлемдегі  интернеті ең арзан елдер қатарында көш бастап тұр. 

https://www.starlink.com/

 

MoldirToresh-тің Facebook парақшасынан 

 

858 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз