Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігінің мəліметінше Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді.

Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған.

Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген.

Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741808 адам екінші бөлігін қабылдаған.


 

344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз