Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қазан, 2021

Қазақстанда 8,16 млн адам вакцина алды

Елімізде коронавирус вакцинасын салдыруға қатысты 25 қазандағы мәлімет жарияланды.

25 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстанда вакцинаның I компонентін 8 168 114 адам салдырды, II компонентпен 7 329 137 адам егілді. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында, қалада 986 974 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 926 752 адам екінші компонентін салдырған. Екпе алудан екінші орында - Түркістан облысы. Өңірде 962 838 адам коронавирус вакцинасының 1-компонентін, 863 661 адам 2-компонентін егілген. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы – 853 984 адам екпенің бірінші бөлігін алса, 741808 адам екінші бөлігін қабылдаған.

308 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз