Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 25 Қазан, 2021

Дубайда туристер үшін әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі ашылды

Дубайда туристерге арналған жаңа орын ашылды. Енді әлемдегі ең үлкен шолу дөңгелегі саяхатшыларға қолжетімді болады. Бұл туралы Дубай медиа кеңесінің төрағасы шейх Ахмед бин Мохаммед бин Рашид Әл Мактум ашылу салтанатына арналған баспасөз конференциясында айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ain Dubai аттракционы - Дубай, Global Village, Coca-Cola Arena, Roxy Cinemas курорттары мен аквапарктерін қамтитын Дубай Holding ойын-сауық портфолиосына кіретін Bluewaters Island аралындағы әйгілі жобаның бөлігі.

Аттракцион 48 жолаушылар кабинасымен жабдықталған және бір уақытта 1 750-ден аса туристі қабылдай алады. Дөңгелектің бір толық айналымы 38 минутты алады. Ain Dubai негізгі компоненттері әлемдегі ең үлкен екі кранды қолдана отырып жиналды және құрылыс үшін 11 200 тонна болат пайдаланылды. Бұл Эйфель мұнарасының құрылысына қатысқаннан 33 пайызға көп.

437 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз