Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 25 Қазан, 2021

Таңғажайып Тереңқұр

Алматыдағы Терренкур абаттандыру жұмыстарынан кейін қайта ашылды. Кіші Алматы өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағында елорда күнінің қарсаңында салтанатты іс-шара өтіп, тұрғындарға пайдалануға берілді.

Қайта жөндеу жұмыстары кезінде аймақтағы көк майсаға нұқсан келтірмеуге баса назар аударылған болатын. Онымен қоса 150 ағаш пен 5 мыңнан астам бұта отырғызылды.

«Былтыр құрылыс жұмыстарын бастадық. Ал, биыл абаттандыруға көбірек көңіл бөлдік. Кіші Алматы өзенінің  су өткізу қабілетін арттыру маңызды болды. Себебі мұнда су толып кеткенде жоғарғы және төменгі жақта орналасқан жеке үйлерді су басып қалған кездер де болды. Сондықтан шлюздерді, гидротехникалық құрылымдар мен көпірлерді ауыстырдық»– деді қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

Сондай-ақ қала тұрғындарының ұсыныстары бойынша автотұрақтың орнына спорт және балалар алаңдары ұйымдастырылып, дәретханалар орнатылды.

Одан өзге орындықтар мен гүлзарлар орнатылған. Айта кету керек, барлық шешімдер жергілікті тұрғындармен талқыланды. Ажарланып, жаңа реңге ие болған өзеннің бойында кешкі серуен құрып, спортпен айналысатын алматылықтар да көбейіп келеді.

Суретті түсірген-Досжан Балабекұлы

2298 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *