Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 25 Қазан, 2021

Бағдат Мусин автокөлікті электронды форматта тіркеудің тиімділігін айтты

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин автокөлікті тіркеу мен қайта тіркеуді электронды форматта жүргізудің тиімділігін айтты.

«Елімізде танымал платформалар мен сервистер арқылы қызметтерді көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді. Мәселен, Kaspi.kz, Homebank қосымшасы арқылы көлікті тіркеуге тоқталсақ, бұл өз кезегінде процесті оңтайландыруға әрі автоматтандыруға елеулі серпін берді, сондай-ақ азаматтардың уақыты мен шығынын үнемдеуге жол ашты. Осы тұрғыда автокөлікті сатып алушыға да, сатушыға да өтінім беру үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барудың қажеті жоқ. Бұл қадамдар карантиндік іс-шаралар бағытында ерекше маңызды», - деді Б. Мусин Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар айында автокөлікті тіркеу мен қайта тіркеу бойынша 104 мың транзакция болып, оның ішінде онлайн режимде тек 5 пайызы қамтылды. Ал қаңтар айының қорытындысы бойынша 167 транзакция тіркеліп, оның ішінде онлайн-рәсімдеу 36 пайызға дейін артты.

«Осы арқылы танымал платформаларға қызметтерді ауыстыру өзінің нәтижесін беріп жатқанын көріп отырмыз. Бұл ретте ең танымал, сұранысы жоғары қызметтерді қамтып жатырмыз. Неге автокөлікті қайта тіркеуді қамтыдық? Себебі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында аталған қызметке қатысты іркіліс болғандықтан,осы бағытты оңтайландыруға мән бердік», - деді министр.

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз