Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтанда вакцина алғандарға Мальдивке жолдама ойнатылады

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандар арасында Мальдивке екі адамға жолдама және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылады. Осы ұтыс ойынына 25 қазан мен 25 желтоқсан аралығында (25 желтоқсанды қоса алғанда) вакцинаның 1-ші компонентін алған вакциналанғандар қатысады. Ұтыс ойынына вакцинацияның барлық пунктері қатысады: медициналық мекемелерде, СОО және сауда үйлері.

Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде өтеді, азаматтарға құжаттарды толтырып, тіркелудің қажеті жоқ. Мальдивке екі адамға арналған жолдаманың және басқа да бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) тікелей эфирінде өтеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігі демеушілермен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинацияланғандардың арасында екі бөлмелі пәтер, автокөлік, 20-дан астам iPhone12, тұрмыстық техника және басқа да бағалы сыйлықтар ойнатылды.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін (https://birge-elorda.kz/nur-sultan) арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланғандардың ID генерациясы арқылы таңдайды. Оны әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында өткізіледі. Тек вакцинация сіздің және жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға мүмкіндік береді.
Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және бұрынғы карантинге дейінгі режимге оралу.

237 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз