Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

149 шетелдік Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды

149 шетелдік Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бауыржан Омаров мәлім етті.

«Полиция қызметкерлері жылдың басынан бері елден шығару туралы сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген 149 шетелдікті анықтады. Олар елден мәжбүрлеп қуылды. Елден шығаруға жұмсалған қаражат сот тәртібімен шетелдікті шақырған немесе оның еңбегін пайдаланған тұлғаға полицияның шағымымен өндіріп алынады. Операция өткізілген уақытта мәжбүрлеп шығаруға жұмсалған шамамен 1 млн теңге өндіріп алынды», - деді ол Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, көші-қон ахуалына жүргізілген сараптама шетелдіктердің еліміздің аумағына заңды түрде келетінін көрсеткен.

«Алайда, кей жағдайда көші-қон заңнамасын бұзушылар қатарына ауысып кетеді. Бұған көп жағдайда Қазақстан азаматтарының өздері көмектесіп жатады. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі - шетелдіктерді рұқсат құжатын алмастан жұмысқа тартуға байланысты», - деді Бауыржан Омаров.

332 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз