Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

Ресейде COVID-19 жұқтыру бойынша тәуліктік антирекорд жаңарды

Ресейде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша антирекорд жаңарды, ол 37 930-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мәліметі бойынша, пандемия басталғаннан бері 8 279 573 дерек тіркелген.

"Кейінгі тәулікте Ресейде коронавирус инфекциясы (COVID-19) 85 аймақта 37 930 адамда расталған, оның ішінде 3 387-сінде (9,0 пайыз) клиникалық көрініссіз, белсенді", - делінген хабарламада.

Пандемия басталғаннан бері елде 8 279 573 дерек тіркелген. Вирустың таралу қарқыны 0,46 пайыз.

416 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз