Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 25 Қазан, 2021

Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болатыны айтылды

Қазгидромет  26, 27 және 28 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ, еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде бұрқасын күтіледі. Қазақстан бойынша кей жерлерде тұман болады", - делінген хабарламада.

  • Батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз 3-15 градус жылы болады.
  • Солтүстікте түнде ауа температурасы +7 градустан -7 градусқа дейін төмендейді , күндіз 0 градустан 15 градусқа дейін өзгереді.
  • Қазақстанның орталығында түнде ауа температурасы +5 градустан -7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2 градустан 16 градусқа дейін жылынады.
  • Шығыста түнде -3 градустан +7 градусқа дейін төмендейді, күндіз 0 градустан 18 градусқа дейін жылы болады.
  • Оңтүстікте түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз 8 градустан 22 градусқа дейін аздап төмендейді.
  • Оңтүстік-шығыста түнде -1 градустан +7 градусқа дейін, күндіз +7 градустан +15 градусқа дейін жылынады.

276 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз