Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 25 Қазан, 2021

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша ШҚО көш бастап тұр

2021 жылдың 25 қазанында дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және агрессорлармен жұмыс бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру бойынша республикалық әлеуметтік жобасының қорытындысына арналған онлайн баспасөз-конференциясы өтті.

Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржысына «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ 2021 жылдың 1 наурызынан бастап 17 өңірде жүзеге асыруда.

Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы азаймай тұр. Соңғы зерттеулерге назар аударсақ, Шығыс Қазақстан облысы отбасында жәбірленушілер саны бойынша көш бастап тұр.

Әрбір құжаттың артында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған, полицияға жүгінуге және істі сотқа дейін жеткізуге мәжбүр болған әйелдің тағдыры тұр.

- Қазақстанда өңірлердегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу механизмдерін жетілдіру бойынша бірінші Республикалық жобалық кеңсе құрылды. Жобалық кеңсе аясында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясына, ҚР ІІМ, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ынтымақтастық туралы ресми хаттар жолданды, жобаның өңірлік менеджерлерімен жұмыс кеңесі өткізілді, 17 дағдарыс орталығы және баспаналармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды – дейді жоба координаторы, Қордың әлеуметтанушысы Татьяна РЕЗВУШКИНА. – Әрі қарай, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша инспекторлар, кәмелетке толмағандармен жұмыс жөніндегі инспекторлар, учаскелік инспекторлар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының заңгерлері мен психологтарына арналған онлайн тренингтер (қазақ және орыс тілдерінде) өткізілді. Тренингтерге 415-тен астам адам қатысты. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының, баспаналардың қызметкерлері үшін онлайн вебинарлар өтті, оған 189 адам қатысты. Біздер пайдаланған инновациялардың ішінде дағдарыс орталықтарына арналған кейс-менеджмент технологиясының тәжірибесін таратуды қолға алдық.

Алғаш рет Қазақстанның барлық өңірлерінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 17 дағдарыс орталықтары мен уақытша баспаналар мониторингтен өтті. Олардың қазіргі таңдағы жалпы саны - 30.

- Мониторингке олардың жұмысын бағалау индикаторларын әзірлеген, жұмыстың сапасы мен нәтижесіне тәуелсіз талдау өткізген, осы үдерісті жақсарту үшін ұсыныстар берген тәуелсіз сарапшылар тартылды, – деді «Қазақстанның тек құқық пен тең мүмкіндік интситуты» ҚҚ президенті Маргарита УСКЕМБАЕВА – Қызметкерлер мен басшылар сауалнаманың 55 сұрағына жауап берді. Мониторингтің екінші кезеңінде дағдарыс орталықтарының қызметкерлерімен, басшыларымен онлайн сұхбат жүргізілді. Шынайы жағдайды білу үшін әр сұхбат жеке алынғаны туралы да айта кету керек. Бірінші блок арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасына қатысты сұрақтарды қамтыды, екінші – қауіпсіздік сұрақтарын, үшінші – дағдарыс оралықтары мен уақытша баспаналардың қаржыландырылуы, инфрақұрылым туралы болды. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша аналитикалық жазба жарияланады.

Қазіргі уақытта өңірлерде агрессорлардың қолынан зардап шеккендермен психологиялық жұмыс жүргізілуде: 929 адам психологтың жеке кеңесін алса, 1550 адам топтық кеңестен өткен.

Жобаға қатысу үшін 4 адвокат шақырылды, Нұр-Сұлтан, Степногорск, Қарағанды қалаларының әйелдеріне 44 кеңес өткізілді.

Өңірлерде мамандар абъюзерлермен жұмыс жасады. Олармен кездесу онлайн және оффлайн форматтарда «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ бастамасымен және ҚР ІІМ қолдауымен өткізілді.

Мамандар үй тирандарына «жұдырықтасудың» зардаптарын түсіндірді, шиеленісті қалай шешу керек және көмекке қайда жүгіну қажет екені туралы тәжірибелік ұсыныстар берді. Осы жұмыспен барлығы 300-ден астам абъюзер қамтылды.

Жекелеп алғанда, «Агрессорлармен жұмыс бойынша нұсқау» әзірленді. Нұсқау еркектермен және жәбірленуші әйелдермен жұмыс кезінде полиция қызметкерлеріне көмек ретінде бағытталған, - деді Маргарита УСКЕМБАЕВА.

Өкінішке орай елімізде осыған ұқсас жүйе мүлдем жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, бұндай кездетек жәбірленушіден бөлек, зорлық-зомбылық жасаған адаммен де жұмыс істеу керек. Алда – ҚР қорғаныс министрлігіне және ҚР Ішкі істер министрлігіне бағынышты 10 оқу орнында ақпараттық компания өткізіледі.

Жобаның бренд-амбассадоры белгілі қазақстандық актриса Айнұр Ілиясованың қатысуымен әлеуметтік желілерде, телеарналарда орналастыру үшін 4 әлеуметтік бейнеролик шығарылды.

Біздің елімізде не болып жатқаны маған бәрібір емес. Бұл жағдайдың адам тағдырына қалай терең әсер ететінін білемін, жәбірлеушінің тек әйеліне ғана емес, оның балалары, немерелерінің тағдырына да әсер етеді. Бұл емдеуді, мамандарға жүгінуді қажет ететін ашық, терең жағдай, - деді Айнұр Ілиясова.

Жоба бойынша 8 ай ішінде 1 миллион 300 мыңнан астам адам аталған мәселе бойынша ақпаратпен қамтамасыз етілді.

Гауһар Түстікбаева

"Қазақ газеттері" ЖШС

861 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз