Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 26 Қазан, 2021

Атырауда студент қыздар төбелесті

Атырауда колледжде оқитын үш студент қыз төбелесіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау бизнес және құқық колледжі директорының орынбасары Назерке Қожабаеваның айтуынша, студенттер арасындағы жанжал 19 қазанда болған. Әуелі екі қыз бір-бірімен төбелесіп қалған. Кейін төбелеске үшінші қыз араласқан. Қыздардың төбелесін колледждің оқытушылары мен студенттері тоқтатқан.

«Студенттер сабақтан кейін, түскі мезгілде төбелескен. Біз төбелеске қатысқан студенттердің ата-анаcын шақырып, жиналыс өткіздік. Бірінші курс студенттерімен де түсінік жұмыстары жүргізілді. Психолог студенттермен жеке әңгімелесті», - дейді Назерке Кожабаева.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 жасөспірімнің ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 435-бабымен хаттама толтырылған.

Жинақталған іс құжаттары Атырау облыстық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды.

 

295 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз