Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қазан, 2021

Алматыда бір тәулікте 4 мыңға жуық адам вакцина салдырды

Алматы қаласында бір тәулікте 3953 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.

«25 қазан күні 3953 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін - 1472, II компонентін – 2481 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 қазан аралығында қалада 988 513 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 929 284 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 120 203 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 137 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

194 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз