Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 26 Қазан, 2021

Qazaq TV эфирде 19 жыл: 120 елде, 5 тілде хабар таратуда

2002 жылдың 25 қазанында Caspionet атауымен алғаш рет эфирге шыққан Qazaq TV телеарнасы Қазақстанның тұңғыш ұлттық жерсеріктік телеарнасы ретінде туған күнін атап өтті.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Qazaq TV арнасының халықаралық хабар таратуы қазақ, ағылшын, орыс, өзбек, сондай-ақ қырғыз тілдерінде қажетті дыбыстық таңдау мүмкіндігі бар тәулік бойы жұмыс істейтін эфир ретінде ұсынылған.

Qazaq TV эфирінде еліміздің қоғамдық және мәдени өміріндегі басты оқиғалар, сондай-ақ Қазақстанның тарихына, дәстүрлеріне, табиғаты мен көрнекті тұлғаларына арналған контент көрсетіледі.

2020 жылы Qazaq TV Galaxy 19, Hotbird 13, MeaSat спутниктері арқылы SD хабар тарату стандарттарынан HD-ке ауысу процесін толығымен аяқтады. Qazaq TV телеарнасының HD форматындағы спутниктік таратылымы Солтүстік және Орталық Америка, Батыс және Шығыс Еуропа, Австралия мен Океания, Солтүстік Африка, Таяу Шығыс, Азия және Оңтүстік Кавказ елдерін қоса алғанда, әлемнің 120-дан астам мемлекетін қамтиды.

358 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз