Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 26 Қазан, 2021

Өңір өндірісінің өрісі кең (видео)

21-22 қазан күндері жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері Оралдағы «Жайық-Ет» құс фабрикасының, «Кама-Қазақстан» зауытының және «Квант» жиһаз цехының өндірістік қызметімен танысты.

БАҚ өкілдері бірінші күні  жұмсақ және корпустық жиһаздар дайындайтын  «Квант» ЖШС  фабрикасына барды. 

Журналистерге корпустық жиһаздар, жұмсақ жиһаздар, матрастарды пішу мен тігуге арналған заманауи жабдықтары қойылған өндірістік цехтар көрсетілді. Өндірістік желі, станок атаулының бәрі соңғы, озық үлгідегі жабдықтар. Әйгілі неміс фирмаларының бірінен сатып алынып, орнатылған. 10 000 шаршы метрлік цехтың құрлысына 2000 млн. теңге қаржы жұмсалыпты. Мұнда жылына 22 мыңдай – корпустық жұмсақ жиһаз, үстел мен орындық, матрастар дайындалады. Өндірісте қолданылатын барлық материалдар экологиялық  тұрғыда таза, бағасы арзан.

Сбербанктің қолдауымен «Квант» компаниясының корпустық жиһазын өндіру бойынша екінші цех салынды. Сондай-ақ, банк цехқа қажетті жабдықтармен қоса, автокөлікпен қамтамасыз еткен.

Дмитрий Пшеничный, «Квант» ЖШС компаниясының қаржы директоры: 

– Бізде төрт өндіріс бар – корпустық жиһаз, жұмсақ жиһаз, матрастар және поролон дайындалады. Біздің өнімдер сапасы барлық сапа стандартына сай, яғни жоғары сапалы. Қазіргі таңда біз жиһаз қоймасының құрылысын бастадық. Ол жерде жаңа технологиямен жабдықталады және өз ісінің мамандары жұмыс істейді. Жүк тасымалдайтын фургондарға арналған он шақты қақпа бір уақытта іске қосылады. Сондай-ақ корпустар бойынша Цех құрылысы аяқталды. Қазір ол жерде жабдықтарды тиеген фураны ғана күтудеміз. Барлық жабдықтар Германия, Италия және Польшадан келеді. Жыл сайын біздің өндіріс 20 пайызға артып келеді, яғни, біз 30000 корпустық жиһаздар өндіреміз. Компанияның өнімі жылына 10 млрд. теңге болып табылады

Бүгінде «Квант» компаниялар тобы 1200-дей адамға жұмыс орнын ұсынып отырған ірі серіктестік екенін атап өту керек. Дмитрий Пшеничныйдың айтуынша, пандемия кезінде бір де бір азамат жұмыстан қысқартылмаған.

«Квант» дайындайтын жиһаздар үшін шикізат Ресей мен Қытайдан жеткізіледі. Дайындалған өнімдер негізінен ел нарығына бағытталған. Сонымен қатар компания Қырғызстан, Армения елдерімен жемісті жұмыс жасауда.

Турдың екінші күні журналистер «Жайық-Ет» құс фабрикасының, «Кама-Қазақстан» зауытының тыныс-тіршілігімен танысты.

Жылына 7500  тонна құс етін өндіретін «Жайық ет» кәсіпорны еуропалық заманауи технологиямен жабдықталған. Қазіргі таңда еліміздің батыс өңірін құс өнімдерімен қамтып қана қоймай, көршілес Ресейге де құс етін экспорттайды. Жұмыртқадан – балапан, балапаннан – тауық өсіретін, толық технологиялық тізбекке құрылған кәсіпорын сыртқы маусымдық факторларға тәуелсіз, жүйелі жұмыс істейді. 230 адам тұрақты жұмыс істейтін фабрикада құс еті тұтынушыға тұтастай да, бөлшектеліп те ұсынылады екен. Кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне 20 тоннадан асады.

Темірғали Ескендіров, «Жайық-Ет» құс фабрикасының директоры:
– Жұмыртқаны біз Башкириядан әкелеміз. Одан соң инкубаторға салып, балапандар шығарамыз. 40 күннен кейін соямыз. Бұл жобаға  Сбербанк арқылы қаржы алғанбыз. Үкіметтен 8 пайызы жабылады. Біз 6 пайызбен несие  төлеп отырмыз.

Әділбек Әсетов, цех бригадирі:

– Осында жұмыс жасап жатқаныма  4 жыл болды. Мұнда цех бригадирі болып жұмыс істеймін. Бір күнде 40-45 тоннаға етке өтінім түседі.Біз соларды  дайындап, өндіріп береміз.  Күніге 20-25 мың  тауық сойылады. Цехте 150 адам жұмыс істейді.

«Кама-Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС Қазақстандағы автомобиль шиналарының ірі дистрибьюторы. Компания 2007 жылы құрылған. Сбербанктен қолдау алған «Кама-Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС ескірген аутокөлік  доңғалақтарын терең өңдеуден өткізіп, ұнтақтап, кәдеге жарататын  зауытты  іске  қосты. Қайталама шикізаттан дайын өнім шығарумен қатар, жол жөндеу және құрылыстың басқа да салаларына арналған резеңке ұнтақ өндіреді.

Владислав Голоухов, «Кама-Қазақстан» Сауда Үйі» ЖШС директоры: 

– Біз сапаға жұмыс істейміз.  Бүгінгі таңда қоймаларымызда жыл бойы өңдеуге жететін шикізат қоры бар. Күнделікті өңделген шиналардың орны толығып отырады. Дөңгелек құрамында ұсақ-түйек металл, түрлі қоқыстар көп болады. Солардан тазартылған соң доңғалақ бірнеше үлкен бөліктерге бөлінеді. Кейін бірнеше қайтара ұсақтау процесінен өткен соң  олардың құрамы жоғарыда айтқан қалдықтардан тазартылады. Өндірілген резеңке ұнтағынан балалар алаңқайы немесе спорт алаңына жамылғы ретінде қолданылатын таптырмас материалдар жасалады. Бұл өнім жарақаттанудан сақтайды, тозбайды,  80 градус ыстық пен суыққа төтеп береді. Ал төсеніштердің пайдаланылу мерзімі отыз жылды құрайды. Сондай-ақ мұндай резеңке жамылғылар теннис корттарына, жүгіру жолақтарына, медицина және балалар мекемелерінің едендеріне төсеуге өте ыңғайлы.

«Сбербанк АҚ ЕБ Орал қ. филиалы заңды тұлғалардың 3 мыңға жуық белсенді клиенттеріне және жеке тұлғалардың 70 мыңнан астам белсенді клиенттеріне қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда біз ЕДБ филиалдарының арасында «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы-2025», «Нұрлы жер» сияқты кәсіпкерлерді қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысу бойынша өңірдегі көшбасшылардың бірі болып табыламыз. Мемлекеттік бағдарламалар аясында Сбербанк бизнестің барлық сегменттерін қаржыландырады. Осы жылдың өзінде филиал 60-қа жуық кәсіпорынды қаржыландырды. Егер ірі компаниялар ҚДБ банкаралық кредиттеу бағдарламасы бойынша қаржыландырылса, ДАМУ БП КДҚ бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды.

«Сбрербанк» АҚ ЕБ Орал қаласындағы филиалында Сбербанк StartUp бағдарламасы бойынша 1,774 млрд. теңге сомаға қаржыландыру алған 100-ге жуық клиенттері бар», - деп атап өтті "Сбербанк" АҚ ЕБ Орал қаласындағы филиалының директоры Светлана Владимировна Шашкова.

 

 

 

 

 

3475 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *