Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 27 Қазан, 2021

Қытайдағы химия зауытында жарылыс болды

Қытайдың шығысындағы Шаньдун провинциясында орналасқан химия зауытында қатты жарылыс болды, - деп хабарлайды Beijing Today.

Басылым 27 қазанға қараған түні Цзыбо қалалық округінің Гаоцин уезіндегі химия зауытында жарылыс болғанын хабарлады. Жарылыс 20 шақырымға дейін естілген, сондай-ақ, зауыт аумағын қалың түтін басқан.

Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Жақын маңдағы жолдар жабылды. Жарылыстың себептері әлі айтылған жоқ. Жергілікті құтқару қызметі апат болған жерде жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Қытайдың поликремний зауытында жойқын жарылыс болған еді.

459 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз