Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Қазан, 2021

Дəрігер Айна Бакееваға қатысты сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Айна Бакееваға қатысты үкім шығарды.

Қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада  дәрігер Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабы 1-бөлімімен (ұсақ бұзақылық) кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынған. Сот үкімін Шымкент қаласының полиция департаменті орындайды. Шешім заңды күшіне енген жоқ, деп жазылған. 

Еске сала кетейік, екі күн бұрын желіде астанадағы №58 мектепте 3-сынып оқушысына дәретханада жасырын вакцина салынғаны туралы видео тараған еді. Видеодан Айна Бакееваның жанындағы әйелдермен бірге мектепке баса-көктеп кіргенін көруге болады. Онда балаларға ата-анасына айтпай вакцина салынып жатқаны сөз болады. Кейіннен мектеп басшылығы мен баланың анасы ондай жағдайдың болмағанын, видеоның провокация екенін мәлімдеді.

 

398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз