Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

Иманбек Зейкенов 7 айдан соң Grammy сыйлығын қолына алды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығының мүсіншесін алды, оны Лос-Анджелестен жеткізіп берді. Ол марапатын ресми жарияланғаннан кейін 7 ай өткен соң қолына алды. Бұл туралы музыкант өзінің Instagram Stories-іне салды.

Диджей және саунд-продюсер мүсіншені алып жатқан видеосын Instagram Stories-ге салған. Сондай-ақ, Иманбек мүсіншені қолына ұстап тұрған суретін жүктеген.

Иманбек Зейкенов (Imanbek) 15 наурызда музыка саласында ең беделді Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын. Рэпер Saint Jhn-нің Roses трегіне жасаған ремиксі биыл әлемнің түпкір-түпкірінде қойылды. Сондай-ақ, ол АҚШ-тағы әлемдік деңгейдегі Billboard Music Awards сыйлығының иегері атанды.

289 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз