Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 28 Қазан, 2021

Нұр-Сұлтанда "Салтанат" би ансамблінің концерті өтеді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 20 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында "Салтанат" би ансамблінің концерті өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Салтанат" би ансамблінің концерті 20 қараша күні сағат 17:30-да "Астана" концерт залының сахнасында өтеді. Іс-шара ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.

Кеш бағдарламасында шығармашылық ұжым қазақтың халық билерін, әлемнің түрлі халықтарының билерін, сондай-ақ жаңа қойылымдарды ұсынады.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады: +7(701)641 00 68, +7(775)554 79 63, +7(777)517 89 03.

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз