Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Инфографика
  • 01 Қараша, 2021

2021 жылғы III тоқсандағы орташа жалақы мөлшері белгілі болды

2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңгені құрады. Бұл кəсіпкерлікпен айналысатын шағын кəсіпорындарды есепке алмағандағы көрсеткіш, деп хабарлайды ұлттық статистика бюросы.

Атаулы жалақы индексі 2020 жылғы тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8% құрады. 

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары), қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге
(1,9 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге сәйкес).

Ең төменгі атаулы жалақы сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде -154,9 мың теңге және ауыл, орман және балық шаруашылығы бойынша – 167,5 мың теңге белгіленді.

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы орташа айлық жалақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7%-ға төмен.

29102021-1к

Ескерту.Халықаралық стандарттарға сәйкес бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақыларды, үстемақыларды, сыйақыларды, сондай-ақ салықтар ен басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

 

1881 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз