Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Қараша, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев түркі елдерінің IT форумын ұйымдастыруды ұсынды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Astana Hub» халықаралық IT стартап технопаркінде түркі елдерінің IT форумын ұйымдастыруды ұсынды.

«Біз инновациялар мен стартаптарды дамытуға қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Бұл – ақпараттық технология дәуірінің басты талабының бірі. Сіздерді Түркі ұйымының заманауи технопарктер орталығын құру мәселесін зерделеуге шақырамын. Сондай-ақ, келесі жылы IT саласында еңбек етіп жүрген жастарымыздың арнайы форумын өткізуді ұсынамын», - деді ол Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде. Оның айтуынша, аталмыш шараны «Astana Hub» халықаралық IT стартаптар технопаркінде ұйымдастыруға болады «Қазір онда 560-тан астам компания жұмыс істеп жатыр. Оның 55-і – шетелдік компания. Стартаптар соңғы 2,5 жылда 375 миллион доллардан астам пайда тапты. Сондай-ақ, 132 миллион долларға жуық инвестиция әкелді. Жалпы, «Astana Hub» технопаркінде жеңілдетілген визалық режим бар. Ал, онда жұмыс істейтін компаниялар салықтан босатылады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

7932 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз