Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 14 Қараша, 2021

Салауатты өмір салтын насихаттаудың бір тəсілі

Румынияда мынадай қызық бар. Билет тегін беретін автомат орнатып қойған.  Автобусқа билетті 2 минуттың ішінде 20 рет отырып- тұрып жаттығу жасай алсаңыз береді. 

Мұндай машина Клуж-Напока автовокзалында тұр. 

Бұл елде жолақы  қала тұрғындары үшін 50 евро цент тұрады екен. Жаттығудың орындалуын бақылайтын ақылды бейнекамерасы бар.  Соның арқасында бұл технологияны алдап,  қулық жасап билет алып кету  мүмкін емес. Бір жолаушыға арналған тәсілдер саны шектелмеген, бұл қала бойынша қоғамдық көлікте тегін жүруге мүмкіндік.  Сонымен қоса бұл бастама спорт пен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

 

Раушан Жакешбайдың Facebook парақшасынан

 

927 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз