Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 17 Қараша, 2021

Алматыда түрік тауарлары жәрмеңкесі өтуде

Кейінгі кездері Қазақстан және Түркия елдері арасында сауда-саттық байланыс едәуір жолға қойылып келеді. Нарықтағы сұранысқа көз салсақ, әсіресе, түрік текстилі қазақстандықтардың аса қызығушылығын тудырып отырғанын байқауға болады. Осы сұранысты ескере отырып, 17-18 қараша аралығында Алматы қаласындағы Rixos Almaty қонақ үйінде Түркияның іш киім және шұлық өндірушілерінің тауар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шараға келушілер назарына жаңа маусымдық тауарлармен қатар, өткен маусымдағы өнімдер жеңілдікпен ұсынылған. Ұйымдастырушылар елуге жуық фирма өнімдері қойылған жәрмеңкеге қазақстандықтардың қызығушылығы ерекше екенін атап айтады. Көрмені тамашалауға Алматы тұрғындарынан бөлек, Семей, Жезқазған, Ақтау, Атырау секілді еліміздің өзге қалаларынан келген көтерме және бөлшек саудамен айналысатын қатысушылар қатары айтарлықтай.

Шараны ұйымдастырушы екі ел өкілдері жәрмеңке арқылы түрік тауарларын ұсынып қана қоймай, Қазақстанда бизнес бастағысы келетін жеке кәсіпкерлерге тамаша мүмкіндік ашылғанын айтады. Сонымен қатар, көрме алаңы кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда маңызы ерекше екенін көрсетеді.

 

Гауһар Түстікбаева,

Әлихан Жанарбек

«Қазақ газеттері» ЖШС

28362 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз