Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 18 Қараша, 2021

"Интернетті реттеу" тақырыбындағы XII Орталық Азия Форумы басталды

Бүгін 2 күндік MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың және Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен «Интернетті реттеу» тақырыбындағы «Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы InternetCA-2021» атты XII Орталық Азия форумы басталды. Іс-шара гибридті форматта өтуде.

Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Рай,  Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы д-р Фолькер Фробарт, MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры Әділ Жалилов алғы сөз айтты.

Форум барысында келесі тақырыптарды талқылау жоспарлануда: онлайн-ресурстарды бұғаттау және сөз бостандығы; ҚР-дағы балаларды кибербуллингтен қорғау туралы заңнамалық бастама; мемлекеттің рөлі және жаһандық желіні реттеудің халықаралық практикасы; өзін-өзі реттеу мүмкіндіктері; интернетті реттеу бойынша Орталық Азия елдерінің ұлттық заңнамалық практикасы.

Іс-шараға халықаралық және орталықазиялық сарапшылар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, журналистер, блогерлер, заңгерлер, интернет-белсенділер қатысады.

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев «Интернетті реттеу: Қазақстан және халықаралық практика» панельдік пікірталасына қатысты. Ол Қазақстандағы интернет желісін реттеудің қазіргі жағдайы мен перспективалары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, панельдік пікірталаста ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі бюросының аға кеңесшісі Андрей Рихтер (Австрия), «Digital Paradigm» ҚҚ директоры, құқық қорғаушы, Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясының мүшесі, Цифрлық құқықтар жөніндегі сарапшылар тобының қатысушы Елжан Қабышев (Қазақстан), Human Constanta-ның негізін қалаушылардың бірі Алексей Козлюк (Беларусь), «Интернетті қорғау қоғамының» басшысы Михаил Климарев (Ресей) сөз сөйледі.

Форумның екінші күні адам құқықтары мен бостандықтары саласындағы онлайн-жобалардың тұсаукесерлеріне және шеберлік сабақтарына арналады.

 

 

563 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз