Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 24 Қараша, 2021

Б.Сұлтанов: Азаматтардың цифрлық "əлеуметтік əмияны"енгізіледі

Осы жылдың соңына дейін азаматтардың цифрлық «әлеуметтік әмияны» ілкі жоба ретінде енгізіледі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.

«Сауда саласын цифрландыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Шағын және орта бизнеске электронды сауданы дамытуға тегін қолдау және көмек көрсету үшін SmartDuken.kz тұғырнамасы іске қосылады», - деді министр Сенатта өткен Үкімет сағатында.

Оның атап өтуінше, Сауда жөніндегі сараптамалық платформа және Ұлттық тауарлар тізімін құру бағытында жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жобалар жылдың соңына дейін іске қосылмақ.

«Азаматтардың цирфлық «әлеуметтік әмияны» енгізіледі. Ол азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету тетігін жетілдіруге және банктік комиссияларға арналған бюджет шығыстарын оңтайландыруға мүмкіндік береді. 2021 жылдың соңына дейін ілкі жоба Нұр-Сұлтан мен Павлодар қалаларында іске қосылатын болады , - деді Бақыт Сұлтанов.

inform.kz
 

489 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз