Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Мотивация
  • 25 Қараша, 2021

Жоспар

Күнделігіңді ашып, "Жаңа жылға жоспар"  деген бетке "өзімді дамыту", "кемелдену" деген жазуды жазбай қоя тұр. 

Оның орнына (көңілді жазумен, күлгін түсті қаламды ақ параққа секірте) былай деп жаз!

- Көңіл қалаған кезде күлу.

- Ашуды бойдан өткізу.

- Жоқталмай қалған нәрсені жоқтау.

- Әке-шешеңе барып, оларды көкке шығарып, қыдырту.

- Саябақта серуендеп, табиғаттың тамашасына тамсану. 

- Тәтті, бірақ зиянды емес тамақты жеу.

- Айнаға қарап, өзіңе мақтау айту (таразыны төсектің астына тығып тастау).

- Бұрын көңіліңе жақпайтын жанрдағы бірнеше кітапты оқып көру (жай ғана тексеріп көр). 

- "Самал желмен жарыстым, тойдым"  дегенше велосипед тебу. 

- Бір түрлі көрінетін екі-үш адаммен танысу. Олардың әлеміне күпірліксіз қара. Өзің де  бірдеңеңмен бөліс. 

- Бұрын баруға жүрек дауаламаған жерге бар. 

- Көңілің түссе, әрдайым өзіңді қуант. Содан кейін ғана басқа істерді атқар. 

- Біреуге көмектес. 

- Өзгенің қамқорлығын қабылда.

- Өмірде көп байқалмайтын қуаныштардың тізімін жаса. Соларды қайтадан көріп үйрен.

- Осы жазғандардың ешбірі орындалмаса, өзіңді сөкпе. 

- Өзіңе ауырмай тұрып демалуға рұқсат ет.

- Егер кездесу сені қуантпаса, бас тарт.

- Достарыңа олардың дарынды, әдемі, күшті екендерін тек мерекеде емес, көңіл түскен сайын айтып тұр.

- Жаның қалаған кезде жалғыздықпен дос бола біл. 

Дегенмен әрдайым есіңде болсын: егер дәл қазір қалағаныңның бәрін жасап жатсаң, сол жеткілікті. Сен мықтысың, қаласаң күнделікке жаз, қаламасаң қырау қатқан терезеге саусақпен жаз. Ең дұрысы - іштей жиі-жиі қайталап тұр. 

Аль Снег

Аударған Шынар Әбілда

 

1376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз