Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 29 Қараша, 2021

Короновирустан айыққандар "омикрон" штамын тез жұқтыруы мүмкін

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын короновируспен ауырған адамдарда "омикрон" штамын жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ДДСҰ нақты ақпарат алдағы күндері нақтыланатынын айтты. Ұйым қазіргі уақытта қолданылатын ПТР тестілері инфекцияның жаңа штамынн анықтай алатындығын растады.

Бұған дейін ДДСҰ "омикрон" штамының жеткілікті деңгейде зерттелмегенін оның "дельта" штамынан қауіпті болуы мүмкін деген қорытынды жасауға әлі ерте екенін ескерткен. Сонымен бірге, ДДСҰ вакцина өлім-жітім мен аурудың азайуына айтарлықтай ықпал ететінін еске салғңан болатын.

Бұған дейін Африканың оңтүстігінде коронавирустың жаңа штамы B. 1.1.529 ("омикрон") табылған еді, ол "өте көп мутацияға түскен". 26 қарашада ДДСҰ коронавирустың жаңа, қатты мутацияланған нұсқасының ашылғанын ресми түрде жариялады.

"Омикрон" Еуропаның бірнеше елінде - Германия, Чехия, Италия, Ұлыбритания, Нидерланды және Бельгияда анықталды. Сондай-ақ, Гонконг, Израиль және Аустралияда вирустың осы нұсқасы тіркелгені хабарланды.

841 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз